ҰОС мұражайы
Жеңіс күні қарсаңында 8 "А" сынып оқушылары Оқушылар сарайында орналасқан ҰОС мұражайына барды. Павлодар облысының батырлары туралы көптеген қызықты мәліметтер алды, соғыстан келген сарбаздардың хаттарын оқыды. Сол кездегі қиын уақытты есте сақтау және бейбіт өмірінің құндылығын ұрпаққа түсіндіру өте маңызды.