«Балалардың құқықтары мен міндеттері», «Қауіпсіз мінез-құлық ережелері»
Біздің мектепте жазғы лагерьдің 2 маусымының 3-4 сынып оқушылары үшін «Балалардың құқықтары мен міндеттері», «Қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыбында адамгершілік-құқықтық тәрбие аясында іс-шара өткізілді. Балаларға түрлі тапсырмалар, жаттығулар, ойындар, адамгершілік-құқықтық тақырыптағы жұмбақтар ұсынылды: «Не рұқсат етіледі? Не рұқсат етілмейді?», «Менің құқықтарым мен міндеттерім», «Жеке қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері» және т.б. позитивті көзқарас үшін балаларға физикалық минут өткізілді. Балалар өздеріне ұсынылған құқықтық тақырыптағы жағдайларды қызығушылықпен ойнап, оларға өз бетінше шешім тапты.