Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық!
Мұқтаж отбасыларды барынша қамту үшін №34 инновациялық үлгідегі ЖОББМ-де жыл сайын "Мектепке жол "қайырымдылық акциясы өткізіледі. Ағымдағы жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Жалпы Республикалық акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында "Мектепке жол-Шекарасыз Жақсылық!» ұранымен өтеді.
"Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына орай материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Осы іс-шараны іске асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі "Мектепке жол" Республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасын әзірледі.