«Мектепке жол – шекарасыз жақсы!»
2022 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Биылғы жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізілуде. Жалпыұлттық акция 2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – шекарасыз жақсы!» ұранымен өтеді.
«Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке баруына жол бермеу. . Осы шараны жүзеге асыру үшін баршаңызды қайырымдылық акциясына белсене атсалысуды сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша мектепке 62-10-07 телефоны арқылы хабарласуға болады!