Құрбан айт- мүбәрак болсын
Құрбан айт- мүбәрак болсын
7 қарашада әлемдік деңгейде мәртебесі биік, діни мереке саналатын құрбан айтқа байланысты №34 инновациялық үлгідегі жалпы білім беру мектебінің педагогикалық ұжым мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін үйренейік» үйірмесінің жоспары бойынша іс шара жүргізілді. Педагогикалық ұжым мұғалімдерінің әр тобына арналған іс шара 3 кезеңнен құралды. Викториналық сауалдарға жауап беруде, дінге байланысты толық мәліметтер айтуда, құобан айт кезінде пісірілетін ұлттық тағамдар жайлы өз ойларын ұстаздар жан – жақты көрсетті.