Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту т"жәрибесін жетілдіру мен қолдау көрсету мақсатында мектепте әр апта сайын "Тәжірибедегі рефлексия" атты педагогикалық кадрларды кәсіби дамытудың білім беру бағдарламасы бойынша сабақтар өткізіледі. Оқу барысында мектептің тренерлері Л.М.Лымарчук пен О.В.Подгайная мектеп ұжымымен оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдер, оқыту тәсілдері зерделеп, талдайды. Коучингке қатысатын ұстаздар үйренген әдіс-тәсілдерін өз сыныбында тексереді. Бағдарлама бойынша толық курсты оқып шыққан және қорытынды бағалаудан өткен 30 мұғалімге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген үлгісіндегі куәліктер тапсыру жоспарланған.