2.12.2015ж. "Заманауи сабаққа әдістемелік талаптар" тақырыбы бойынша жас мамандардың кезекті мектеп отырысы өтті. Сабақта заманауи сабаққа (дидактикалық, психологиялық, гигиеналық, техникалық) талаптар, заманауи сабақтың негізгі қадамдары, И.Н.Казанцев, В.А.Онищук, Л.В.Моховой бойынша сабақтар типологиясы қарастырылды. Мектеп психологы жас мамандармен "Жанның жайбарақаттығы" жаттығуын өткізді.