11 сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдермен жедел жиналыс өткізілді. Оқушылардың нәтижелік аттестаттауға дайындығы бойынша, әсіресе ҰБТ- 2015 нәтижелері бойынша сұрақ көтерілді.Қазақстан тарихы бойынша нәтиже төмендеуі себептері сараланды, география, қазақ тілі мен орыс тілі бойынша орташа бал төмендігін де қозғады. ҰБТ-2015 нәтижелері төмендігінің себептерінің бірі кеңеске барудың жүйесіздігі, олар мектеп негізінде ұйымдастырылды. Сол себептен ағымдағы оқу жылында кеңеске бару бойынша есепті ақпарат ретінде мектеп сайтына енгізу.