14 қыркүйектен бастап 19 қыркүйекке дейін мектепте "Күз сыйы" атты табиғи материалдан қолдан жасалған бұйымдардың балалар шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрме "Күз - алтын мезгіл" видеоролигімен сүйемелденді. 1-11 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты.