«Қыста құстарды тамақтандыру!» - мектеп табалдырығын аттағаннан бері, таныс жолдар. Қыс бойы 34 мектептің әртүрлі жастағы топ оқушылары өздерінің қанатты достарын тамақтандырып, қамқорлық көрсетуде. Ата-аналармен бірге олар құсқа жем салатын астаулар жасап, оларды мектеп алаңдарында және өздері тұратын аулаларында іліп қойды. Күн сайын балалар құстарға жем әкелуде. Құстар оларды күтіп, балалар ойындарына жіті қарауда. Көгершіндер достық пен көмек үшін рахмет айтатын сияқты, маңыздана жолдар бойымен жүруде. Оқушылар мен құстардың кездесулерін көру, көңілге үлкен әсер қалдырады. Құстарға есімдер берілді, және, әрине, оларды күтіп отырған сүйіктілері пайда болды. Тіпті демалыс күндері де, балалар құстарды тамақтандыруға келеді. Жақсы істер - кішкентай кезден пайда болады емес пе. Көктемді әнсіз қарсы алмас үшін, аязда құстарды терезелеріңізге келуге үйретіңіздер.
"Қыста құстарды тамақтандыр"