Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Даволен ли ты сегодня школьной столовой?
Голосовать
Не даволен - 9
Очень хорошо - 7
Хорошо - 7
Очень плохо - 7
Всего проголосовало: 30
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Конкурс посвященный 175-летию Абая Кунанбаева
07-02-2020 19:09
Конкурс посвященный 175-летию Абая Кунанбаева

8 қаңтарда  №34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  және Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы мектеп ішінде ұстаздар арасында «Озық ойлы Абайтанушы» танымдық сайысы өтілді. Сайысымыз Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз -Абай рухына арналды. Сайыстың мақсаты : Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қара сөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, мәнерлеп жатқа айтуға, талдауға бейімдеу. Танымдық сайысымызға информатика мұғалімі Смурыгин А.М, ағылшын  мұғалімі Мохиненко Т.Н, бастауыш мұғалімі: Акимова Е. В ұстаздарымыз белсене қатысты. Сайысымыз «Мұны білген жөн», «Поэзия - жүрек тілі» және «Асыл сөзді іздесең» деп аталатын 3 кезеңнен тұрды. Сайысқа «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының  аға оқытушысы Мигранова Асемгуль Базарбаевна  қатысып, қатысушыларымызға қолдау көрсетіп, өзіндік пікірімен бөлісті.

Сонымен, 3 кезеңді қорытындылай отырып,  әділқазылар саралай келе ұпайларын есептеп, жеңімпазды анықтады. Жеңімпазымыз бастауыш сыныптың мұғалімі – Акимова Е.В «Озық ойлы – Абайтанушы» сайысында өзінің алғырлылығымен, біліктілігімен көзге түсіп,  "Озық ойлы Абайтанушы" атағын ала отырып, қалалық кезеңге өтті. Қалған қатысушыларымыз сайысымызға  ат салысып белсене  қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Сайысымызды қорытындылай келе,  біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз. Түсінген адамға Абай өлеңдерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екен. Сайысымызды Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс" деп айтқан пікірімен аяқтадық.