Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Даволен ли ты сегодня школьной столовой?
Голосовать
Очень хорошо - 9
Хорошо - 9
Не даволен - 9
Очень плохо - 7
Всего проголосовало: 34
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ПАВЛОДАРДАҒЫ ОН БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
03-06-2020 20:10
ПАВЛОДАРДАҒЫ ОН БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

school34_pvl

#Repost @vse_obovsem_pvl (@get_repost)
・・・
Соңғы қоңырау және аттестаттарды табыстау күніне арналған «Birgemiz: Түлек - 2020»салтанатты іс-шарасы, бүгін, 3 маусым күні облыс орталығындағы 37 жалпы орта білім беру мектептерінде өтті, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

 

Соңғы қоңырау 11-сыныпты бітірген 1150 түлек үшін соғылды, оның 35-і – ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестаттарына және 30 түлек үздік аттестаттарға ие болды.

 

Биыл № 34 жалпы орта білім беру мектебін 42 оқушы бітірді. Олардың ішінде төртеуі «Алтын белгі» иегері атанды, бесеуі мектепті үздік бітірді. - Біз оқу жылын қашықтықтан форматында аяқтадық, 11-сынып оқушылары оқумен қатар жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына дайындалды, өйткені мектептерде ағымдағы жылы мемлекеттік емтихандар өткізілмейді», - деді білім беру мекемесінің директоры Болат Айгожин. - Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз. Бұл екі сыныптағы көптеген оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады, сонымен қатар арасында спорт шеберлері мен кандидаттары бар. Түлектеріміз жүз пайыздық оқу үлгерімін көрсетті. Талантты балалар өте көп. Түлектер – біздің еліміздің болашағы.

№ 34 жалпы орта білім беру мектебінің директоры түлектердің енді ҰБТ-ға дайындықты сол қашықтық форматында белсенді түрде жалғастыратынын айтты.Дайындалуға оларға мектеп мұғалімдері көмектеседі. 42 он бірінші сынып оқушыларының 23-і тестілеуді тапсырады. - 11 оқу жылы артта қалды, біз мұғалімдерімізге, мектебімізге берген білімі үшін алғыс білдіреміз, - деді түлек Юлия Загорская. - Бұл соңғы қоңырау барлық алдыңғы қоңыраулардан өз форматымен ерекшеленеді.Шынымызды айтсақ, бізде осындай шара болғанына өте қуаныштымыз. Өйткені, бұл – мұғалімдермен, мектеппен қоштасу.Біз өте өзара тату сыныппыз. Біздің сынып жетекшіміздің арқасында сыныбымыз әрқашанда ынтымақтастықта болды.Сынып жетекшімізге үлкен алғыс білдіреміз. - Қазірдің өзінде мен сендермен өте мақтанамын, - деді сынып жетекшісі Наталья Савченко түлектерге.- Сендер жүз пайыз білім сапасын көрсеттіндер. Менің ойымша, республиканың жалпы білім беретін мектептерінде мұндай сыныптар жоқ шығар. Қала мектептері тарихында бірінші рет «Майдан жолы» іздеу жасағының жастар қанаты атанып, сендер өздерінді өз Отанының патриоты екендерінді дәлелдедіндер,. Жалғасы комментарийлерде.