2020 жылы 14 мамырда Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен тарих және өлкетану бойынша «Менің өлкем – Ертіс өңірі» қашықтық қалалық турнир өткізілді. Мақсаты – тарих және өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды қолдау, туған өлкесінің тарихын үйренуге танымдық қызығушылығын ынталандыру. Турнирге қаланың 26 мектебінен 7-8 сыныптың 81 оқушысы қатысты.
Турнир 2 кезеңде өткізілді – қатысушылар тесттік тапсырмалар орындады «Туған жердің таланттары», « Павлодар облысының туристік бағыттары» тақырыптарының біріне эссе жазды.
Онлайн турнир қорытындысы бойынша 30 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде I орын - 3 оқушы, II орын - 6, III орын - 21 оқушы. Турнир жеңімпаздары мен туған өлкенің ең жақсы білгірлері 8 сынып оқушысы Бехтина Ангелина (№ 34), Гидей Никита (№16 лицей-мектебі), 6 сынып оқушысы Ыңғайбек Жұлдыз (№ 37 ЖОМ). Балалар тестілеу бойынша тек жақсы нәтиже ғана емес, эссе тақырыбын тереңінен және дәлелді ашты, ол тарихи материалының үздік білімін куәландырады.
II дәрежелі диплом иегерлері № 1, 11, 17 ЖОМ, №9 гимназия - мектебі, № 20 лицей-мектебі, Кенжекөл ЖОМ.
III орынға № 6 (2), 9, 11 (2), 17, 18 (2), 25 (2), 26, 34, 36, 37, 39, 43 ЖОМ, № 16 лицей-мектебі (2), Кенжекөл ЖОМ (2), Макпалеев атындағы мектеп ие болды.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері карантин аяқталғаннан кейін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады .