Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Менің үй кітапханам
02-04-2021 09:07
Менің үй кітапханам
«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» республикалық жобасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Менің үй кітапханам» қалалық конкурсын өткізді. Мақсаты - мәдени және оқырмандық құзыреттілікті дамыту, кітап пен оқуды отбасының рухани өмірінің, отбасылық бос уақыттың маңызды факторлары ретінде насихаттау.
Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 1-11 сынып оқушылары конкурсқа өздерінің үй кітапханасы туралы 1500 бейнеролик ұсынды. Конкурс шарты бойынша бейнероликтерде бір кітаптың қысқаша шолуы көрсетілді, мәнерлеп жатқа оқу немесе сүйікті шығармаларынан үзінді айтылды. Байқауға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 22 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанса, 130 қатысушы номинация иегері болып танылды.
 Солардың ішініде Сағынғанова Айзере 3 «Ә» сынып оқушысы жүлделі ІІІ-орынға ие болса, Лиханов Егор 5г сынып, «Ең креативті сюжет», Каир Абзал 10а сынып  «Өзім оқимын, достарымды қызықтырамын», Белоусов Артем 1в сынып «Юный коллекционер», Каткова Александра 2д класс «Самый артистичный читатель» номинацияларына ие болды.