Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
READx жобасы
24-12-2021 12:38

 

     Павлодар қаласының №40 мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында

1-11-сынып оқушылары,мұғалімдері,ата-аналары  арасында

2021 жылдың 20 желтоқсан мен 2022 жылдың 20 қаңтар аралығында

READx жобасы бойынша өтетін жарыс ережесі.

Ұйымдастырушылар:Мектеп әкімшілігі,сынып жетекшілері,кітапханашылар.

Мақсаты:

- Кітапқа деген қызығушылықты арттыру;

- Кітап оқу арқылы ұстамдылыққа, ұқыптылыққа, адам еңбегін бағалауға , өзін-өзі реттеуге және тәрбиелеуге үйрету;

- Кітап оқу барысында оқыған материалдарына анализ жасау дағдыларын қалыптастыру;

- Кітап таңдай білуге үйрету;

-Классикалық әдебиеттің тілін меңгеру, сөйлеуді дамыту, мәдениеттің жеке

моделін құруға үйрету

Жобаға қатысушылар:мұғалімдер,ата-аналар,оқушылар.

Жобаның өту тәртібі мен мерзімі:

  1. Қатысушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөліседі(регламент 3 мин).Интерактивті тақта,буклеттер т.б. пайдалана алады.
  2. 23.12.2021ж сағат 10:00 ZOOM бойынша  ата-аналарға ұйымдастыру кезеңі өтеді.
  3. Жарысқа қатысуға тілек білдірушілерден 23.12-25.12.2021 ж. сағат 12.00-ге дейін,төмендегі үлгі бойынша ,әдістемелік кабинетте ( ДЖЖО Айнагүл Мүтай) СҰРАНЫС қабылданады.

Жобаның әділқазылары:

  • Әділқазылар ұйымдастырушылардың шешімі бойынша қатысушыларға бағалау үшін дайындалады;
  • Әділқазылар бағалау парағын қатысушыға көрсетпейді.
  • Әділқазыларға қатысушы тарапынан дөрекілік көрсетілген жағдайда байқаудан шығарылып,шешімдер жойылады.
  • Әділқазылар шешімі сарапқа түспейді.

      Марапаттау:

Қорытындыны хабарлау,марапаттау шара соңында өтеді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен  марапатталады.

 

 

                                                   Сұраныс үлгісі

 

Қатысушының аты-жөні

Сыныбы,телефон