Павлодар қаласының №40 мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
1-11-сынып оқушылары,мұғалімдері,ата-аналары арасында
2021 жылдың 20 желтоқсан мен 2022 жылдың 20 қаңтар аралығында
READx жобасы бойынша өтетін жарыс ережесі.
Ұйымдастырушылар:Мектеп әкімшілігі,сынып жетекшілері,кітапханашылар.
Мақсаты:
- Кітапқа деген қызығушылықты арттыру;
- Кітап оқу арқылы ұстамдылыққа, ұқыптылыққа, адам еңбегін бағалауға , өзін-өзі реттеуге және тәрбиелеуге үйрету;
- Кітап оқу барысында оқыған материалдарына анализ жасау дағдыларын қалыптастыру;
- Кітап таңдай білуге үйрету;
-Классикалық әдебиеттің тілін меңгеру, сөйлеуді дамыту, мәдениеттің жеке
моделін құруға үйрету
Жобаға қатысушылар:мұғалімдер,ата-аналар,оқушылар.
Жобаның өту тәртібі мен мерзімі:
- Қатысушылар оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөліседі(регламент 3 мин).Интерактивті тақта,буклеттер т.б. пайдалана алады.
- 23.12.2021ж сағат 10:00 ZOOM бойынша ата-аналарға ұйымдастыру кезеңі өтеді.
- Жарысқа қатысуға тілек білдірушілерден 23.12-25.12.2021 ж. сағат 12.00-ге дейін,төмендегі үлгі бойынша ,әдістемелік кабинетте ( ДЖЖО Айнагүл Мүтай) СҰРАНЫС қабылданады.
Жобаның әділқазылары:
- Әділқазылар ұйымдастырушылардың шешімі бойынша қатысушыларға бағалау үшін дайындалады;
- Әділқазылар бағалау парағын қатысушыға көрсетпейді.
- Әділқазыларға қатысушы тарапынан дөрекілік көрсетілген жағдайда байқаудан шығарылып,шешімдер жойылады.
- Әділқазылар шешімі сарапқа түспейді.
Марапаттау:
Қорытындыны хабарлау,марапаттау шара соңында өтеді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.
Сұраныс үлгісі
Қатысушының аты-жөні |
Сыныбы,телефон |
|
|