«Кітап-білімнің қайнар көзі» жобасының жеңімпазы
Ақпан айының 16 күні қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткен «Кітап-білімнің қайнар көзі» жобасы аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен бірлесе өткізген шара өз мәресіне жатті.Жоба талабы бойынша 1- турд оқушылар М.Шахановтың өлеңдерін жатқа оқыса, 2-турда Ғ.Мүсіреповтың «Ана» тақырыбына жазылған шығармаларын бойынша образға еніп, мәнерлеп оқыды. 3-турда М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы және жазушының «Көксерек» әңгімесі бойынша шығарма жазды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Каппасова Әлия Қадырқызы 5 «А» сынып оқушысы Сағынғанова Айзерені сайысқа дайындады. Осы сайыстардың талаптарын орындап Сағынғанова Айзере 3 дәрежелі дипломды жеңіп алды.