Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
16-04-2012 07:33

Сәуір айының 13 жұлдызында № 19 мектепте қалалық «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» оқулары өтті.  Бұл сайысқа біздің мектептің 10 «а»  сынып оқушылары: Асылбек Жанбота, Егізек Нағашыбай, Некрасова Ксения   белсене қатысты. Сайыстың бірінші кезеңінде үш бағыт бойынша өзін өте жоғары деңгейде таныта білген оқушылар  2-кезеңнен де сүрінбей өтті. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмылып еңбек етудің нәтижесінде № 40  мектептің құрама командасы жүлделі 1- орынға ие болды. Бір күнде, бір мезетте, бір уақытта мектеп намысын қорғаған  оқушыларымыздың осындай жеңіске жетуі  – мектеп үшін үлкен қуаныш!  Жүлдегерлерге толайын табыс, жанды жадыратқан жеңіс тілейміз! Ал оқушыларға басшылық етіп, бағыт-бағдар берген ұстаздар: Ә.А. Жанакиева, Т.С. Серікбаева және Ж.С Тілеуғабылға  шексіз алғысымызды білдіріп, еңбегіңіз жана берсін демекпіз!

           «Сәлем» газетінің тілшісі Сәкен Ботакөз