Жаңа жылдық қайырымдылық акциясы
Мектебімізде жыл сайын мүгедек балаларды қолдау мақсатында Қайырымдылық акциясы өткізіліп тұрады. Жаңа жыл қарсаңында үйде оқитын мүгедек балаларды Аяз ата мен Ақшақар құттықтап, тәтті сыйлықтар таратты. Балаларының жарқын жүзін көрген ата-аналар да көңілдері толып, мәз болып қалды.