Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің спорттық дәстүрлері
19-12-2012 05:32

Жалпы физикалық дайындық бойынша дәстүрлі жарыстар биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналды.

4-5, 6-7, 8-9 сынып оқушылары жеке есеп және командалық жеңіс үшін үш күн күресті. Жарыс бағдарламасына Президенттік тестер мен оқу жаттығулары енгізілді.

       Жарыс қорытындысы бойынша 4 «В» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Ұл балалар мен қыз балалар арасында жеке есепте жүлделі орындарға ие болды.(мұғалім  Кобец Г.И.)

      Тартылудан барлық жас тобындағы ер балалар жоғары көрсеткішке ие болды. Жасөспірімдер арасында Абадовский Анатолий (9 «Г» сынып) 31 рет тартылса, (мұғалім Кочетков А.А.), 6 «А» сынып оқушысы Алшынбаев Асхат 19 рет, (мұғалім Жетпісов Қ.Р.) бастауыш сыныптар арасында Ситников Андрей (4 «В» сынып) 11 рет тартылды. Қыз балалар да ұзындыққа секіруден, жүгіруден, доп лақтырудан ер балалардан қалыс қалмады.

      Аталған жарыстарға мектеп оқушыларының қызығушылық танытқандығын атап өткіміз келеді. Келесі спорт жарысы желтоқсан айында шаңғымен сырғанаудан өткізіледі. Жарыс қорытындысы бойынша 42-ші қалалық оқушылар спартакиадасына мектеп намысын қорғайтын команда жинақталатын болады.