Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық конференцияға қатысу
28-03-2013 11:14
Халықаралық конференцияға қатысу
     2013 жылғы 14 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Үздіксіз білім беру үдерісінде дарынды балаларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
        Конференцияға Павлодар облысынан үш педагог қатысты, солардың бірі – мектебіміздің информатика және физика мұғалімі Исләмова Дариға Мұхамед-Қанапияқызы.
    Пленарлық және секциялық отырыстарда дарынды балаларды анықтау және іріктеу механизмдері, ғылым негіздерін оқып-үйренуде қабілеттілік пен ерекше дарындылық танытқан оқушыларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы қарастырылды.
            Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына Қазақстан және Ресей педагогтарының 102 баяндамасы ұсынылды. Солардың ішінде № 40 ЖОМ информатика мұғалімі Д.М.Исләмованың «Қосымша білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбына баяндамасы ұсынылған еді.
     Конференция қорытындысы бойынша Дариға Мұхамед-Қанапияқызына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сертификаты берілді.