Халықаралық конференцияға қатысу
![Халықаралық конференцияға қатысу](/media/img/blogs/5154255e4ba8f.jpg)
Конференцияға Павлодар облысынан үш педагог қатысты, солардың бірі – мектебіміздің информатика және физика мұғалімі Исләмова Дариға Мұхамед-Қанапияқызы.
Пленарлық және секциялық отырыстарда дарынды балаларды анықтау және іріктеу механизмдері, ғылым негіздерін оқып-үйренуде қабілеттілік пен ерекше дарындылық танытқан оқушыларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы қарастырылды.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына Қазақстан және Ресей педагогтарының 102 баяндамасы ұсынылды. Солардың ішінде № 40 ЖОМ информатика мұғалімі Д.М.Исләмованың «Қосымша білім беру жүйесінде дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбына баяндамасы ұсынылған еді.
Конференция қорытындысы бойынша Дариға Мұхамед-Қанапияқызына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сертификаты берілді.