Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Құтты болсын мерекең!
29-03-2013 06:42
Құтты болсын мерекең!
Наурыз күні — ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз туған жан жоқ жер бетінде,
Ұғып ал,бүлдіршіндер, сендер мұны.
 
            Көктемнің шуақты  мерекесі  8 наурыз – Халықаралық аналар күні де келіп жетті. Балалар үшін бұл ерекше мереке. Себебі ол күні балалар өздерін әлдилеп өсіріп келе жатқан аналарын мерекемен құттықтайды. Осындай мереке біздің шағын -орталықта         7 наурыз күні аталып өтті. Ол күні бүлдіршіндер әсем безендірілген залда сүйікті аналарын төл мерекесімен құттықтап жүрек жарды тақпақтарын айтып, музыка маманының сүйемелдеуімен шағын ғана  мерекелік концерт қойды. Би биледі,ән салды,ойын ойнады.  Бүлдіршіндердің беттері бал- бұл жанады. Аналар да бүлдіршіндеріне  сондай мейіріммен қарап, осы кішкентай балапандарының ұйқысы тыныш, күлкісі ешқашан бұзылмаса дегендей. Аналарды тәрбиешілер де құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
Аналардың  әрқашан өмірлері шаттыққа, құшақтары гүлге толсын ойлаған барша армандары іске ассын!
Өмірлері көктемдей шуақты, күндей жарық,, гүлдей сән беріп, жайнап жүре берсін!
Мереке соңында балалар қолдарымен әзірлеген кішкентай ақ қағазға жапсырылған гүлдерін сыйлады, суретке түсті.