Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қызықты сөре
03-05-2013 08:36
Қызықты сөре
     Әр адамның  ең басты  құндылығы  -денсаулық. Баланы мықты, шымыр,  епті  және дені сау етіп тәрбиелеу – әр ата-ананың  игі тілегі  және мектепке дейінгі мекемелердің алдында  тұрған  ең басты міндеті болып табылады.  
25 сәуір күні №40 мектепте «Көңілді сөре» жарыстары өтті. Оған 2,3,4 сынып оқушылары қатысты. 
    Командалар  ең алдымен   тақпақ түрінде  құрылған  өздерінің  ұрандарын  бір кісідей жар етті.  Сөйтіп жарыстар басталып кетті.  Жарысқа қатысушылар  бір-біріне  қолдау көрсетіп,  барынша тырысып басқа  жанкүйерлер де қатты толқып өз командасына   тірек бола білді.  Жарыстар барысында   балалар ептілік, икемділік, шапшаңдық пен  мықтылық көрсетті.  Жеңістерне  шаттанып, жеңілістеріне   өкініш танытты.  Барлық оқушылар бір кісідей толқып тамаша  атмосферада өткен  тартымды жарыстың қорытындысында әрине Достық жеңіске жетті!  Осы шараның барысында балалардың спортқа деген  құлшынысы көрінді, балалардың бәрі  бұл күні мейлінше шынығып, денсаулықтары нығайып, командалар татулығы, бірлігі артқанына сенімдіміз. 
   Құрметті ата-аналар, осы жарысқа келгендеріңізге, балалардың өміріне белсенді араласқандарыңыз  және әрдайым көрсетіетін  қолдау –көмектеріңіз  үшін алғыс  білдіреміз.
Бала игілігі мен денсаулығы  үшін   бірлесіп атқаратын жұмысымыз алда болсын, мектептің өміріне қатыса отырып, балаларыңызды жаңа қырынан тани беріңіздер. Арамыздағы  түсіністік пен  табысты әріптестікті нығайта отырып балалар өмірін қызықты және бақытты  ете берейік.