Қызықты сөре
![Қызықты сөре](/media/img/blogs/518376652ddc6.jpg)
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/51837636d7589.jpg)
25 сәуір күні №40 мектепте «Көңілді сөре» жарыстары өтті. Оған 2,3,4 сынып оқушылары қатысты.
Командалар ең алдымен тақпақ түрінде құрылған өздерінің ұрандарын бір кісідей жар етті. Сөйтіп жарыстар басталып кетті. Жарысқа қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, барынша тырысып басқа жанкүйерлер де қатты
толқып өз командасына тірек бола білді. Жарыстар барысында балалар ептілік, икемділік, шапшаңдық пен мықтылық көрсетті. Жеңістерне шаттанып, жеңілістеріне өкініш танытты. Барлық оқушылар бір кісідей толқып тамаша атмосферада өткен тартымды жарыстың қорытындысында әрине Достық жеңіске жетті! Осы шараның барысында балалардың спортқа деген құлшынысы көрінді, балалардың бәрі бұл күні мейлінше шынығып, денсаулықтары нығайып, командалар татулығы, бірлігі артқанына сенімдіміз.
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/518376236484d.jpg)
![](http://goo.kz/media/img/photogallery/5183760a0b6d8.jpg)
Бала игілігі мен денсаулығы үшін бірлесіп атқаратын жұмысымыз алда болсын, мектептің өміріне қатыса отырып, балаларыңызды жаңа қырынан тани беріңіздер. Арамыздағы түсіністік пен табысты әріптестікті нығайта отырып балалар өмірін қызықты және бақытты ете берейік.