Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ
11-09-2013 08:07
Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ

    Қазіргі заманда  ең бірінші алға қойған мақсат-міндеттердің бірі адамның хал-ахуалы мен өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау салауатты болуы.  Осы мақсатта жыл сайын ұйымдастырылатын  денсаулық күні   мектебіміз Ертіс өзенінің жағасына  саяхатқа шықты. Шараның басты мақсаты оқушыларға денсаулықтың маңыздылылығын түсіндіре отырып, зиянды әдеттерден сақтану арқылы жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан –ақ жаман әдеттерден аулақ етіп өсіру, дені сау ағзасы мықты ұрпақтар тәрбиелеу.

   «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» деген ұранмен бастаған оқушылар тобы мектептен Ертіс өзеніне қарай бет алды. Табиғаты әсем өзен жағасында жоспар бойынша оқушылардың жас ерекшелігіне сай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған.  Мәселен 2-3 сыныптар арасында көңілді ойындар, 4-сыныптар үшін шағын футбол ойындары, жоғарғы сыныптар үшін жүгіріс, футбол ойындары жүргізілсе, салауатты өмір салты тақырыбына арналған суреттер көрмесі, мақал-мәтел сайысы, «Ең, ең пайдалы жеміс-жидек» тақырыбына арналған презентация,  «Менің қиялым» тақырыбына арналған көкөністерден жасалған мүсіндер көрмесі ұйымдастырылды.