Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Күзгі балл"
28-10-2013 09:27
      2013 жылғы 24 қазанда 9-11 сыныптар арасында Күзгі балл кеші өткізілді.  10 «А», 10 «Б» сынып оқушылары кештің ұйымдастырушылары болды. Шараға жан-жақты дайындалып, залды безендіруге кірістік. Күзгі балл кешін есте қаларлықтай етіп өткізуге тырыстық.
      Балалар «Күзгі көңіл-күй» бағдарламасына белсене қатысты. Бағдарлама өте қызықты болды. Жоғары сынып оқушылары ән салып, би билеп, көңіл-күйлері жақсы болды.Әдемі безендірілген зал шара көркін аша түсті. Ең соңында қорытындысы шығарылып, оқушылар грамоталармен марапатталды. «Ең үздік күзгі вальс» аталымы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Қайкен Мейірман мен 10 «Б» сынып оқушысы Вальц Алена жеңімпаз атанды. «Ең үздік музыкалық нөмір» аталымы бойынша 9 «А» сынып қыздары жүлделі орынға ие болды. 9 «Г» сынып оқушылары Малова А., Пятак В., Төлеген Ә. романтикалық ән орындап, грамотамен марапатталды.
       
Балл соңы би кешіне ұласты....
 
 
                                                                 Безукладникова Э. 10 «Б»