Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Естен кетпес қысқы демалыс
17-01-2014 10:18
Естен кетпес қысқы демалыс
      Біз Никита екеуіміз ағайындымыз. Мен № 40 ЖОМ 3 сынып оқушысымын, ал Никита № 34 ЖОМ-да 4 сыныпта оқиды.
Жазғы демалыста Астанада, Бурабайда, Баянауылда демалуды әдетке айналдырғанбыз.
      Осы жолы қысқы демалыста Сүлтүстікке бардық. Бұл өңірде ешқашанда болмағандықтан қатты қуандық! Жол жүрер алдында ұйқымыз келмей, ол жақта «бізді не күтіп тұр?» - деген ойлар келді. Көз алдымызға киікті елестеттік.  Омбы қаласына жеткен соң атам, әжем бәріміз «Новосібір – Новый Уренгой» пойызына отырдық.    Тюмень, Тобольск, Сургут, Ноябрьскқалаларынан өттік. Пойыз терезесінен қысқы табиғат көрінісін тамашаладық.
Солтүстікте ауаның температурасы -43° болды, келесі күні – 24°-ке дейін жылынып кетті. Біз Қазақстаннан өзімізбен бірге жылу ала келгендей болдық....
Сотүстікте күн сағат 12-де шығады, ал сағат 3-те жоқ болып кетеді. Үнемі фонарьлар жанып тұрады. Бізге жергілікті тұрғындар бұл көріністі «поляр түні» деп түсіндірді. Бізге Гупкинский қаласы қатты ұнады, таудан сырғанақ теуіп, Жаңа жылдық шырша ертегі көрінісін тамашаладық. Ол жақта қар өте қалың түсіпті. Қарлы далада снегоходпен сырғанадық.
Табиғи газ шығаратын жерді, газ бөлетін стансаны көрдік. Бәрінен де ғасыр бойы өсіп тұрған қарағайларға таң қалыстық.
       Бұл біз үшін мәңгі есте қаларлық қысқы демалыс болды! Енді жазғы демалыста Сүлтүстікке баруды жоспарлап отырмыз.