Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біз белсенді демалысты қолдаймыз!
10-06-2014 10:38
Біз белсенді демалысты қолдаймыз!
     Мектеп жанындағы лагерьде күн сайын бір ауқымды шара өткізу дәстүрге айналған. Балалар ұжымы арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында отрядаралық шаралар да өткізіліп тұрады. 10 маусым күні әр отряд жоспар бойынша жұмыс жасады:
-ең кіші отряд «Білімпаз» мектебінің отырысына қатысты (жетекшілері Цыгулева Н.И., Әлімхан С.), содан соң балалар өсімдіктер әлемі туралы фильмді тамашалады.
-III отряд оқушылары спорт сағатына қатысып, жаңа қозғалыс ойындарымен танысты.
-IV отряд балалары үшін эко – викторина өткізілді, виктроина барысында балалар ғылымның әр саласы бойынша өз білімдерін көрсете білді.
- V отряд музыкалық сағатқа қатысты, көңілді әндер шырқады, би үйірмесіне қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсті.
- VI отряд оқушылары «Нұртас» балалар және жасөспірімдер клубына қонаққа барды. Балалар аула клубының жұмысымен танысты, үйірме жетекшілері қызықты ойындар өткізді.
      Өткізілген шаралардан кейін отряд мүшелері мәжіліс залына жиналды. Олар Білгіштер сайысына қатысып, әр топ өз отрядының намысын қорғады.