БІЗ БІРГЕМІЗ
![БІЗ БІРГЕМІЗ](/media/img/blogs/blogs_1852369585.jpg)
11 қазанда біздің «Достастық» бірлестігінің мектеп комитеті «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының шеңберінде, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біз біргеміз» қалалық жобасына қатысты. БШҚО-да бірінші -презентациялық кезеңі өткізілді. Жасұландықтар үгітбригаданың өнер көрсетуі түрінде мектеп бірлестігі жұмысының құрылымымен таныстырды. Әділқазылар алқасы мектеп комитетімен ұсынылған құжаттаманы бағалап өтті. Ең жоғарғы көрсеткішке ие болған мектептер: №35 – 89, № 40 – 87, №25 – 87.