Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Лагердегі қауіпсіздік техникасы
22-07-2016 10:19

Мектепішілік күндізгі «Радуга» сауықтыру лагерінің басты міндеті – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшін лагерге балаларды қабылдау кезінде ата-аналары шағын сауалнама толтырған, ол сауалнамада байланыс телефондарын, баланың үйге жалғыз немесе ата-анасы алып кететіндігі туралы көрсетілген. Балалардың лагердегі алғашқы күнінде лагердегі тәртіп ережесі туралы, ЖҚЕ, ӨҚЕ, ОСВОДу туралы сөз етілген болатын, ал отрядтарында лагерге және үйге барар қауіпсіз жол туралы әңгімелесті. Алдын алу мақсатында лагерь басшысымен лагерді ашу кезінде және қала саяхатының әрқайсысында, "Нұртас" ДДК-сына немесе ауыл кітапханасына барарда нұсқаушылармен бірге барды. Олар не тәрбиеші, не дене шынықтыру мұғалімі немесе медбикенің еді. Мектеп директорына берілген өтініш негізінде жауапты нұсқаушылар бекітіліп, қолдары қойылған бұйрық шығарылатын. Әрбір жасақ бойынша тәрбиешілер тарапынан балаларға оқыс оқиғалар туралы, сондай-ақ тұрмыстық жарақаттанудың алдын алу, судағы оқиғалар бойынша нұсқау жүргізілді әрі спорттық іс-шаралар кезінде немесе мектептен тыс жерге шығу кезінде лагердің ҚТ журналына әрқайсысы қолтаңбаларын қалдырды. Лагерь медбикесі Т. В. Ващенкова маусымның бірінші күні балаларды медициналық тексеруден өткізді, маусым бойы балалармен жеке-жеке, топпен бірге болсын аурулардың алдын алу әрі денсаулықты сақтау туралы әңгімелер болды. " атты балаларды медициналық тексеруден, маусым ішінде әңгімелесу, балалармен жеке және топтармен туралы аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау. Ол үшін үнемі астың сапасына көңіл бөлінді, ас блогының санитарлық жағдайы, ойын және жатын бөлме, лагердегі ауыз су режимі қамтамасыз етіліп отырды.

Төменде тәрбиешілерге арналған кейбір ережелер көрсетілген:

  • міндетті түрде балалардың күнделікті лагерге қатысуы туралы мәліметті жинайтын табель құрастыру, келмеген балалардың себебін анықтау;
  • дене шынықтырудан босатылған, денсаулығы әлсіз балаларды біліп, оларды физикалық жүк алуына жол бермеу;
  • ата-аналарының рұқсатынсыз балаларды уақытынан бұрын лагерден шығармау;
  • балаларды қабылдамастан бұрын ойын бөлмесін, ұйықтардан бұрын жатын бөлмесін желдендіру;
  • ҚТ журналына әрбір баланың қолын қойып, қауіпсіздік техникасы туралы мәлімет беру;
  • кездейсоқ балалардан дімкәстік көрсе, бірден медбикеге хабарлау;
  • күні бойы жасақпен бірге барлық іс-шараларға қатысу, жаттығуларға дейін;
  • лагерьде балаларды артына саппен қойып, өзі алдында жүру.

Ал келесіде лагерде демалып жатқан балаларға арналған ереже:

  • лагерді тәрбиешінің рұқсатынсыз тастап кетуге болмайды;
  • баспалдақтан түсерде, аяғына қарап, абайлап түсу. Баспалдақта тұрып жүгіруге, айналуға, шетіне шығуға, ойнауға, итеруге қатаң тыйым салынады;
  • физикалық ауытқуы бар болса, спорттық шараларға қатысуға қатаң тыйым;
  • күн сайын бас киім алып жүру. Тікелей күн сәулесінен аулақ болу;
  • мектептен тыс басқа жаққа барарда, өзімен сусын, ыңғайлы аяқкиім, бас киім алып жүру;
  • лагерне өткір, шанышпалы, жарылу қаупі бар заттарды әкелуге тыйым салынады;
  • лагерге газды сусындар, балмұздақ және сондай заттарды әкелуге, басқа жаққа барғанда сатып алуға тыйым;
  • ыстық ауа райында өте қатты салқын су ішуге болмайды, ол өкпе ауруына не демөкпе ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Әрбір қызметкердің жауапкершілігін сезіну мен ережелердің сөзсіз орындалуы ғана балалардың лагерде қауіпсіз демалуына ықпал етті. Біз қауіпсіз жаз бен қауіпсіз балалық шақ үшін!