Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: ул.Береговая, 60/1
318415, 318416, 318408
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 17.00 до 19.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Астана күні «Радуга» мектепішілк лагерінде! 2016 жыл 4-6 шілде
07-07-2016 16:39

4 шілде мектепішілік лагерде астана күнін тойлау қарсаңында «Батырлар жарысы» спорттық сағаты, «Қымбатты астана» атты концерттік-музыкалық бағдарлама, суреттер сайысы, қазақтың ұлттық төл ойындары өткізілді. Бұл күні балалар Астана туралы танымдық фильмнен елордамыздың жаңаша даму тарихымен танысып, көптеген мағлұматтар жинады.

5 шілде күні ауылдық кітапхана қызметкерлерімен елордамыздың 18 жылдығына орай «Астана – арман қала» атты танымдық музыкалық-әдеби іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға мектепішілік «Радуга» лагерінің балалары мен ауылымыздың ардагерлер хоры шақырылған. Біздің қыздар "Сәлем, астана!" әнін шырқап, өлеңдер оқып, «Астана – бала көзімен» тақырыбында көптеген суреттер салды. Ал ардагерлер хоры өздерінің әндерімен бүлдіршіндерді арбап алды. Астана күніне орай қойылған кітаптар көрмесіне бейнелі энциклопедиялар мен елордамыздың даму тарихы туралы кітаптар жайылған.

Ал 6 шілдеде мектебімізде Отанымыз жайлы, елордамыз Астана жайлы әндер шырқалды. Қыздар би флешмобына қатысып, «Менің Астанам!» тақырыбында ортақ сурет салды, ал ұлдар болса, көңілді сайыстарда өздерінің бақтарын сынады.

Болашақта біздің балалар еліміздің нағыз патриоттары болып, тарихымызды бес саусағындай біліп, Отанын сүйіп өсетініне кәміл сенеміз!