Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Радуга»
10-06-2015 02:17
«Радуга»

Азаматтық-патриоттық тәрбие негізі. Маусым айының 5-күні «Радуга» тобының лагерь демалушылары қаламыздағы «Әскери даңқ алаңы» мұражайына барды. Басты мақсат оқушыларға азаматтық тәрбие бере отырып, өткенімізді еске алуға, оны құрметтеуге, сыйлай білуге баулу болды. Экскурсия барысында әскери қарулы күштердің әрқайсысының қызметі жайлы қысқаша таныстырулар өткізілді. Демалушылар әр затты таңырқай қарап, өскенде Отанымызды қорғайтын азамат болсақ деген армандарын да айтып қалысып жатты. Отанымыздың келешегі жас өрендар жасынан батыр да батыл болып өсуі үшін осындай экскурсияларды лагерь барысында ғана емес басқа уақытта да ұйымдастырып тұрсақ артық болмас еді деген ой келді. Әр затқа таңырқай қараған оқушылардың қызығушылығы мен қуанышында шек болмады.

3Бұл күні лагерь демалушыларын қуантқан ең қызықтысы қаламыздағы жануарлар бағына саяхат жасау болды. Саяхат барысында еліміздегі сирек кездесетін жануарлар мен аңдарды көріп бәрі таң-тамаша болды. Әсіресе оларға пони, лама, як, страусс, жолбарыс, арыстан, қасқыр, маймылдарды бетпе-бет көруі, қатты ұнап керемет күйде болды. Балалар әсіресе маймылдың әр қимылдарына қарап, қызығып бақтан шыққысы келмеді.