1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Павлодар қаласында бұл күні Катаев атындағы Оқушылар сарайының алаңында егіздер фестивалі өткізілді. Мерекелік парадқа біздің де егіздер қатысты: Смола Юра және Егор, Катя мен Люба Луневалар, Продан Маша мен Даша. Олар бірдей киім киінген, жас үлгілері де бірдей болды, сондықтан оларды оңай ажырата алу мүмкін болмады! Барлық егіздерді алаңда ертегі сиқыршылары қарсы алды, оларға арнап ән салды және Оқушылар сарайының ұжымы би биледі. Тілектерін жасырып балалар аспанға шарлар ұшырды. Іс-шара соңында егіздерге тосын сый күтіп тұрды: оларға сыйлықтар мен Фестиваль қатысушысының дипломы ұсынылды.