Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Конституция – Қазақстанның гүлденуі мен тұрақтылығының негізі.
09-09-2010 18:00

Конституция – Қазақстанның гүлденуі

мен тұрақтылығының негізі.

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ

жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық

мұраттарына берілген бейбітшілік және азаматтық қоғам деп ұғына отырып,

дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі

және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті сезіне отырып,

өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы конституцияны

қабылдаймыз.

Қазақстан Республикасының президенті:

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

2-бап.

1.Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталары осы Заңда өздері үшін көзделген конституциялық өкілеттіктерді үшінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң алады.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының лауазымды адамдарға өкілеттік берудің жаңа тәртібін белгілейтін нормалары осы лауазымды адамдардың өкілеттік мерзімі аяқталуына немесе өкілеттіктерінің тоқтатылуына қарай қолданысқа енгізіледі.

3.Жоғары Сот Кеңесі Әділет біліктілік алқасының аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен судьяларының лауазымына үміткер адамдарды конкурстық іріктеу және аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындау үшін ұсыным беру жөніндегі өкілеттіктерін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»

Конституциялық заңға, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар еңгізілгеннен соң және «Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы»Заңның күші жойылды деп танылғаннан кейін алады.Аталған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгенге дейін бұрын Конституцияда белгіленген тәртіп қолданылады.

4.Конституцияда көзделген соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

3-бап.

Осы Заң, осы Заңның 2-бабының ережелері ескеріле отырып, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының президенті: Н.Ә.Назарбаев

Астана қ,.Ақорда, 21.05.2007ж.

№ 254-ІІІ ҚРЗ

Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.

Конституциядан білім саласының қамтылған баптары:

30-бап.

1.Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алауына кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті.

2.Азаматтың мемлекеттік жоғары білім алуға құқығы бар.

3.Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

4.Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті қалыптарын белгілейді.

Кез келген оқу орнының қызметі сол қалыптарға сай болуы керек.

26-бап.

1.Әр адамның білім алуға құқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім, тегін болуы тиіс.Бастауыш білім баршаға міндетті болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де, әркімнің қабілетіне қарай қөпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс.

2.Білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы тиіс.Білім беру барлық ұлттар,нәсілдік және діни топтары арасында түсіністік,шыдамдылық пен достық қарым-қатынас орнатуға ықпал жасап және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті қуаттаужолындағы жұмысына ықпал жасап, дем беруі тиіс.

3.Ата-аналардың өздерінің жас балаларына білім беру түрін таңдау құқығы басымды.