Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ұлы дала поэзиясы»
17-10-2017 10:23
«Ұлы дала поэзиясы»
     «Ұлы Дала поэзиясы» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді. «Ұлы Дала поэзиясы» республикалық жобасы – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде «Ұлы дала поэзиясы» мәдени-ағартушылық жобасы өткізілді. Сайысқа қатысушылар 2 номинация бойынша бағын сынады. Бірінші номинацияда өзін өзі таныстырып, 2 номинацияда қазақтың белгілі ақын-жазушыларының өлеңдерін оқыды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 1-4 сынып оқушылары, екінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары бағын сынады. Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері.