Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау
22-02-2019 09:23
Жалпы білім беретін мектепте  инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау
    Ағымдағыжылдың 20 ақпанында мектепте инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін жалпы білім беретін мектептерідиректорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, психологтар мен логопедтерге арналған «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі (ЕББҚ) бар балаларды коррекциялық-дамытаоқытуды ұйымдастырудыңерекшеліктері» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
    Семинардың мақсаты жалпы білім беретін мектеп жағдайында ЕББҚ-мен балаларды оқытуды ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылды.
    Семинарға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің мамандары, профессор, филология ғылымдарының докторы А.Р. Бейсембаев, педагогика ғылымдарының магистрі, ИНеУ «Педагогика және спорт»кафедрасының аға оқытушысы К. С. Бутенова, Павлодар қаласының ПМПК басшысы С.А.Айтбаева, Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының мамандары қатысты.
    Мектеп педагогтары инклюзивтік сыныптарда жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинарда ЕББҚ барбалалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби құзыреттілігі, бейімделген білім беру бағдарламасын әзірлеу технологиясы және инклюзивті сыныптарда заманауи сабақты жобалау, ЕББҚбар балаларды математикағаоқыту, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ББ бар балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, ЕББҚбар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқуға және сөйлеуді дамытуға оқыту бойынша тақырыптар қарастырылды.
    Мектеп логопеді Қ.ГМатай, психолог Е.Ш.Томашева, С.Г.Успанова, математика мұғалімі А.Б.Бастенова, география мұғалімі А.А.Зеленчукова, бастауыш сынып мұғалімі Н.И.Цыгулевамен семинар қатысушыларына TEDx, шебер-сынып, психологиялық ойындар, слайдтық бағдарламалар және бейне сабақтар форматында ұсыныстар берілді.
     Мектеп педагогтарымен қарастырылған мәселелер бойынша әдістемелік және үлестірмелі материалдар дайындалды, оқу орнының жұмыс тәжірибесінен әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.
   Семинарға Павлодар қаласы мектептерінің жоғарыда көрсетілген санаттағы 90 педагогықатысты.