«Радуга» мектеп жанындағы лагерінің ашылу күні « Үнді бастаулары» квест- ойыны
Ағымдағы оқу жылы да аяқталып, «Радуга» мектеп жанындағы лагері мектеп оқушылары үшін есігін айқара ашты. Өткен оқу жылына қарағанда биыл лагерьге келем деушілер саны едәуір артып отыр. Себебі балалардың қызығушылығы және ата-аналар сенімі жыл сайын арта түсуде.
Балалар лагерьдің алғашқы күнін ерекше сезімде өткізді: бір-бірімен , тәрбиешілермен, тәлімгерлермен танысты. Биылғы жазда 4 студент біздің лагерьде педагогикалақ практикадан өтеді.
Балалар танысып-біліскен соң, отряд әнін жаттап, мәжіліс залына үнді кейібінде квест-ойынға жиналды. Үнді тайпасының көсемдері – тәрбиешілер И.А.Гноевой және Д.С.Муликова балаларды ойын барысымен таныстырып өтті. Отрядтарға бағыт парақтары таратылып, ұсынылған тапсырмаларды орындауға кірісті. Ойынның кейбір кезеңдерінде балалар бар күш-жігерлерін салып, соңында тапсырманы түгел дерлік орындап шықты. Қорытынды кезеңде «ең шапшаң» және «ең тапқыр» отрядтар анықталды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарасты. Лагерьдің бірінші маусымы жоғары деңгейде өтетініне сеніміміз мол. Ол үшін тәрбиешілер мен тәлімгерлер тырысып бағады деп ойлаймыз.