Телефон доверия
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Адрес: ул. Малайсары батыра 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 15:00-18:00 Среда 15:00-18:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жеті атаны білу - парыз» тәрбие сағатын өткізу бойынша есеп.
05-02-2021 09:32
  «Жеті атаны білу - парыз» тәрбие сағатын өткізу бойынша есеп.

№ 41 Жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылы 4 ақпанында сағат 14.30-да ZOOM платформасымен онлайн форматта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен, дәстүр мен ғұрып жобасы аясында  «Жеті атаны білу - парыз» тәрбие сағатыөткізілді.

 

Ұйымдастырушы мұғалімдер:

- Кайдарова Ж.С., Ахметова М.К. қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері;

-Қатысушы сыныптар: 8 «Ә», 7 «Ә»

 

Мақсаты: Қазақ Отбасылық дәстүрлерінің өз ұрпақтарын атау тұрғысынан, адам мәртебесінде оның жасына қарай, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу принциптерінде көптеген бірегей ерекшеліктері бар. Бірінші кезекте туыстық байланыстар институтын қалыптастырған «жеті ата» , яғни қазақ тілінде «жеті әке» қағидасына тоқталып, ата тектері туралы мағлұматтарын бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуға, олардың өз ата тектерін білуге тәрбиелеу. 

Тәрбие сағатының кіріспесінде «Жеті» санының қасиеттілігіне тоқталып, оқушылар тарапынан «Жеті жұт», «Жеті қазына», «Жеті жоқ» түсініктері жайлы білімдері ортаға салынды да, «Жеті ата» қазақ халқымыздың дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі жайлы мұғалімдер түсіндіреді.

Оқушылар өз жеті аталарын атап, дайындап қойған өлеңдер мен мақал-мәтелдермен бөліскен еді. Тәрбие сағаты өте нәтижелі өтті. Оқушылар құнды мәліметтермен алмасып, бөлісе алды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен, дәстүр мен ғұрып жобасын жандандырып, дәріптеу аясында өткізілетін осындай тәрбиелік мәнін үстейтін іс-шаралар оқушыларымызға игі әсерін тигізеді.