Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
4 маусым 2021 жыл Қазақстан Республикасының рәміздер күні
04-06-2021 08:05
4 маусым 2021 жыл   Қазақстан Республикасының рәміздер күні

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні-отанымыз үшін аса маңызды мереке.

 № 41 ЖОББМ КММ "Шуақты жаз" жазғы лагері өз жұмысын  әнұранды орындауда басталды.

Балалар "Жаса Қазақстан" флэш-мобына қызығушылықпен қатысты.

Акт залында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш" атты іс-шара өтті.  Мектеп жанындағы лагерьдің балалары осы іс-шараға қатысты. Өз елімізге деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет, Қазақстанның болашақ табыстарына сенім- осының барлығы бізге кез келген қиындықтар мен уақыт сын-қатерлерін еңсеруге мүмкіндік береді.

"Акробатика" жасағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған сынып сағаты өтті. Балалар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихымен танысты. Фильмді көргеннен кейін викторина сұрақтарына жауап берді.

"Киндеры" отряды "Ұлттық дәстүрлер" викторинасын өткізді, онда балалар қазақ халқының тілі, мәдениеті, өнері, әдебиеті, салт-дәстүрлері туралы білімдерін көрсетті. Этномәдениет туралы бейне және презентацияны тамашалады.

Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған "Сердце наше – Казахстан!» викторинада қатысты. "Крепыши", "Дружба" отрядтарында мемлекеттік рәміздерге арналған сынып сағаты өтті. Оқушылар Әнұран , Елтаңба және Ту кез-келген мемлекеттің ажырамас атрибуттары, Оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейтінін білді. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді.

Мемлекеттік рәміздердің барлық элементтері еске алынып, әнұран орындалды.

Ойын бөлмелерінде балалар "Менің Қазақстаным" тақырыбында түрлі-түсті қағаз аппликацияларын орындады. Әр отрядта достық атмосфераны атап өткен жөн. Өз ойларымен және эмоциялармен оңаша қалып, әрбіреуі процесске батты.Сабақ соңында балалар өз сезімдері туралы айтып берді.

Сонымен қатар отрядтар арасында спорттық эстафета өткізілді."Достық" жасағы "Сауран" БЖК барды. Балалармен ҚР рәміздер күніне арналған эстафета өткізілді.

Балалар викторинаға қатысып, мемлекеттік рәміздерде өз білімдерін көрсетті. Конкурстарға қатысты.

"Лучик!" отряды Ертіс мұражайын аралады, бұл жай ғана тамаша экскурсия болды, онда балалар өткенге үңіліп, болашаққа көшті, барлығы көргендерінен және естігендерінен жағымды позитив алды!

Жалпы, "Шуақты жаз" жазғы лагерінде күн ұйымдастырумен өтті. Өткізілген іс-шаралар танымдық та, демалуға, сонымен бірге өздерінің зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік берді.