Телефон доверия
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Адрес: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тәжірейбе алмасу
24-12-2008 18:00

Желтоқсан айының 23 жұлдызында, Павлодар қаласындағы № 41 денешынықтыру - сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық -коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі» атты қалалық семинар өтті. Бұл семинар Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Т.А.Бегежанованың басшылығымен өтті. Осы іс - шараға қаламыздағы аттестатциядан өтетін орыс мектептерінде жұмыс істейтін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері қатысты.

Қалалық семинардың тақырыбына сәйкес ашық сабақтар өткізілді.

Қазақ әдебиетінен екі сабақ: Исенова Светлана Бакиқызы С. Торайғыровтың «Арманым» өлеңін және Негманова Құралай Уахитқызы Ыбырай Алтынсаринның «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіне әдеби талдауын қалалық ұстаздардың назарына шеберлікпен ұсынды.

Қазақ тілінен төрт сабақ берілді: Жұматаева Гүлнұр Тағатқызы 4 сыныпта «Қыс мезгілі», Керейбаева Қарашаш Қайыртасқызы «Табиғатты қорғаңдар!», Омарова Күлзада Бекбергенқызы «Дені саудың-тәні сау» және Әмірғалиева Шамшібану Наскебайқызы «Тапқыр достар» атты сайыс-сабағы.

Осы сабақтардың барлығында қазіргі заман талабына сай мультимедиалық кабинет пен интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, әр түрлі интерактивтік технологияларды тиімді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативтік біліктіліктерін арттырды.

Семинардың жоспары бойынша, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің бірлестігінің жетекшісі Жүсіпова Гауһар Жанғалиқызы биыл аттестациядан өтетін мұғалімдердің жетістіктері жайлы есеп берді.

Әр мұғалім өз сабағының талдауын жасады, ал тәжірейбе алмасуға келген ұстаздар мен әдіскер Т.А.Бегежанова пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.