№41 ЖОБМ-да 8-9 қараша айында жас мамандар мен оның тәлімгерлеріне арналған коуч сессиясы өтті. Тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау», «білімді бағалау».Сауалнама нәтижесі бойынша ЖММ жетекшісі болып Шапшиновой Алтын Қайроллақызы сайланды. «Коучинг» - бұл әріптестер арасында белсенді ақылдасу үрдісі, ол мұғалімдердің құзіреттіліктеріне бағытталған. Сабақ осы анықтамаға сай ұйымдастырылды. Қатысушылар сұрақтарды қарастырғанда топ ішінде өздерінің біліктіліктерін көрсетіп қана қоймай белсенділіктерін танытты, тапсырмаларды орындау барысында әр кезеңін бір-біріне түсіндіріп пікір алмасты, тәжірибеде қалай қтиімді қолдану керектігі туралы ақылдасып ой бөлісті. ЖММ жетекшісіне, жас мамандар мен оның тәлімгерлеріне коуч ұйымдастырушы ұстаз Смаилова өз алғысын білдіріп шығармашылық табыс тілейді.
КОУЧ СЕССИЯСЫ