Әліппемен қоштасу
№ 41 ЖОБМ-да «Әліппемен қоштасу»мерекесі өтті.Бірінші сынып оқушылары мереке барысында аялдамаларға саяхат жасау арқылы өз білімдерін көрсете білді. Қонаққа досымыз-Әліппе, құтқарушымен бірге келіп әріптерді ұрлап кеткен жағымсыз кейіпкер «жалқаулықты» ұстап берді. Балалар өлең оқып, ән шырқады. Мерекеде ата-аналар да белсенділік танытты. Олар да жұмбақ шешіп, балалармен бірге көңілді уақыт өткізді. Әліппенің орнына –Ана тілі келді. Мерекелік іс-шара көңілді, қызықты, тартымды өтіп, оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шықты.