Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру ұйымдарында денсаулыққа пайдалы тағам дайындауды ұйымдастыру
12-04-2013 02:51
Білім беру ұйымдарында денсаулыққа пайдалы тағам дайындауды ұйымдастыру

 2013 жылдың 11 сәуірінде біздің мектепте Салауатты өмір салты  орталығымен бірге, тәрбие жөніндегі директордың орынбасарлары және мектеп асханасын жалға алушыларына арналған «Білім беру ұйымдарында денсаулыққа пайдалы тағам дайындауды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша қалалық семинар өтті.

 Бұл қала бойынша мектеп асханасының жалға алушылардың басын қосуға арналған алғашқы шара болып табылады. Осы бағытта мектеп оқушыларын пайдалы дәммен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі.

Семинардың негізгі бөлімінде санитарлық – эпидемиялық орталық төрағасының баяндамасы, СӨС орталығыннан келеген басшылардың баяндамасы және мектеп бойынша  асхана жұмысын бақылайтын директордың орынбасыры Рысты Шаймұратқызының есебі тыңдалды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде келген қонақтарымыз мектебіміздің білікті мұғалімдері  мен оқушылардың дайындаған СӨС байланысты тәрбиелік іс-шараларға қатысумен жалғасты. Көрермендереге оқушылардың мектеп өмірінде дәмді, әрі пайдалы тамақтануын көрсететін жұмыс түрлері ұсынылды.  Мысалы, «Бүгінгі дені сау бала – болашақ ұрпақты жалғастырушы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті, мектеп асханасындағы дәмнің дәмді әрі балаларға пайдалы болуы жайында оқушылардың ойлары және ата-аналардың пікірлері тыңдалды. Бұл пікірталасқа қонақтар  да белсенділік танытты. «Рационалдық тағамның, адамның денсаулығына  тигізетін әсері» тақырыбына сынып сағаты өтті. Оқушыларға пайдалы мағлұматтармен танысып, білім - біліктерін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мен  5-сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар клубы» сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар  үй тірлігіне үйрету клубының отырысы сыныптан тыс өткізілген шаралардың ішінде ерекшеленіп көзге түсті.

 Арнаулы медициналық орталықта есепте тұрған оқушыларға да көп көңіл бөлінді. Бұл  балалар үшін арнаулы сабақ өткізілді. Айта кетердей, семинар өте табысты өтті. Мұндай шаралар қалаға нақты пайдасын тигізетініне сенімдіміз,  ойткені бұл шара шын көңілмен дайындалған.