Қош бол, құтты Әліппем!
2013 жылы 23 желтоқсан күні Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебінің тұңғыш қазақ 1 «Ә» сыныбының оқушылары арасында «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шараға кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналар ,сондай –ақ мектеп әкімшілігі де ат салысты. Бүлдіршіндер өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді. Оқушылар бұралып би биледі, өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, әр түрлі көріністерді қызықты етіп қоя білді . Шараның қызықты етіп өтуі,бәрінің көңілінен шықты. Кішкентайлардың тұңғыш бетін ашып, әріптерді танытқан қымбатты да ардақты оқулығы «Әліппемен қоштасу» мерекесімен құттықтаймын! Болашақта үлкен белестерден көрінулеріне тілектеспін!