9 қаңтар күні №41 ЖОБМ-да тек мектеп оқушыларына ғана емес, сонымен бірге Восточный шағын ауданның барлық балаларына арналған шахмат кабинетінің салтанатты ашылуы орын тапты. Соңғы екі жылда мектепте «Белая ладья» атты тамаша шахмат үйірмесі жұмыс жасайды, оның тәрбиенушілері қалалық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетуде. Мектепте шахмат кабинетінің ашылуы сапалы мәдени-сауықтыру орталығын қалыптастыруға мүмкіндік береді деп дене тәрбиесі мұғалімі Н.П.Ковалев іс-шараны ашты. Клуб қабырғасында шахмат үйірмесіне мектептің мұғалімдері мен ата-аналары қатыса алатындықтарын атап өтуге болады.