2016 жылғы 07 желтоқсан күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы негізінде балалар бірлестігінің және қоғамдық ұйымдардың VIII облыстық құрылтайы құрылды. Құрылтайдың тақырыбы Қазақстан Республикасы Тәуелсіз атанғанына 25 жылдығына арналған «Еліміздің болашағы жастардың қолында!». Балалар қоғам ұйымы мен Павлодар облысы бірлестігінің серіктестігін нығайту бұл іс-шараның мақсаты. Осы мерекенің шеңберінде түрлі сайыстар, дөңгелек үстелдер, қызықты ойындар өткізілді. №41 ЖОБм-ның «Жас Ұлан» балалар ұйымы Құрылтайға белсене қатысты және «Тәуелсіздікке 25 қадам» жобасында III дәрежелі дипломға ие болды. Құрылтайдың қорытындысы мерекелі концертпен және марапаттаумен аяқталды.
ТЖДО: Б.К. Заирова