«Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» онкүндікті өткізу туралы ақпарат
2016 жылғы 9 ақпанда № 41 ЖОБМ-да 9 сынып оқушылары үшін «Мейірімнің сиқырлы күші» сыныптан тыс шара өткізілді. Шара барысында оқушылар мейірімділік деген не екендігі жайлы тілдесті, әзілқой ойын арқылы сыныптағы ең мейірімді анықталды, оқушылар біздің қарбалас өмірімізде жақсылыққа ештеңе кедергі болмас үшін, адамдар тәнімен тыныштық таба алатын, қолдан Мейірімді Үйді жасады. Шара жасалған жақсылық күтпесең де өзіңе қайтып келетіні туралы бейнероликті көрумен аяқталды.