Білім саласындағы қызметкерлер арасында 45 –ші спартакиада есебіндегі Павлодар қаласында мұғалімдер арасында үстел тенисі бойынша 2016 жылғы 6-7 ақпанда «Баянтау» спорттық кешеңі негізінде сайыс өткізілді. № 41 ЖОБМ атынан дене шынықтыру мұғалімдері Бозтаев Е.Б., Капанов Н.Ж., ән-күй мұғалімі Рамазанова Н.К. шықты. Әйелдер арасындағы жеке біріншілігінде ән-күй мұғалімі Н.К.Рамазанова алты мықты ойыншылардың арасына енді, ерлер арасындағы біріншілігінде дене шынықтыру мұғалімі Е.Б.Бозтаев – 2 орынға, Н.Ж.Капанов – 3 орынға ие болды. № 41 ЖОБМ ұжымы жалпыкомандалық есепте 1 орын иеледі.