20 қараша күні №41 мектепте облыстық семинар – практикумы өткізілді. Семинардың тақырыбы: «Коммуникативтік құзыреттілікті арттыру тәсілдерін қолданып,тілдік тұлғаны қалыптастыру сабағын ұйымдастыру». Бұл семинарда Ахметова А.С. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні» атты мұғалімдермен сабақ өткізді. Қайдарова Ж.С. 3 «Б» сыныбымен «Алдар Көсе» деген тақырып бойынша ашық сабақ көрсетті. «Суретпен жұмыс арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» атты практикалық сабақты Заирова Б.Қ. жүргізді. «Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды сабақтарда қолдану» атты тақырыбы бойынша Жүсіпова Г. Ж. , Рахметова Г. Ө. мұғалімдері сабақ көрсетіп, интербелсенді тақтаның мүмкіншіліктерімен таныстырды, мұғалімдермен жұмыс жасады. Бұл семинарда мұғалімдер бір-бірімен қарым-қатынас жасап, ойларымен бөлісті. Ұстаздар ризашылықтарын білдірді.